22 июля 2026, Среда 8 сафар 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:23
Восход 04:20
Зухр 12:26
Аср 17:51
Иша 22:18

Әйелдің нәзіктігі намазында да көрінуі керек

Әйелдің нәзіктігі намазында да көрінуі керек

Намазда әйел үшін ең абзалы – өзін барынша жинақы ұстау.


Ханафи ғалымдары әйел намазының ерекшелігін бір сөзбен түсіндірген. «Өйткені бұл – ол үшін көбірек жабық (ұятқа жақын)».

Бұл қағида әл-Һидая, Бадаиғ әс-Санаиғ сияқты негізгі фиқһ кітаптарында айтылады. Пайғамбар (с.ғ.с) былай деп айтқан: «Әйел – әурет». (Имам Табарани «әл-Муъжам әл-Әусат», 2890).

Бұл хадис әйелдің денесін жабуы мен қимыл-қозғалысын да ұятқа сай етуі керек екенін көрсетеді. Сондықтан намаздағы әрбір қимыл да жабықтық (сәтр) қағидасына сәйкес болуы керек.

Жинақы болу – жай ғана жалпы ұғым емес, нақты қимылдармен көрінеді:

1. Рукуғта:

Әйел аз ғана еңкейеді;
Саусақтарын жаймайды;
Шынтақтарын денесіне жақын ұстайды, ер адам сияқты кең тұрмайды.

2. Сәждеде:

Қарнын санына тигізеді;
Шынтақтарын жаймайды;
Денесін жерге жақын ұстайды;
Шынтағын жерге жабыстырады.

Бұл – ең айқын «жинақылық» көрінісі.

3. Отырыста:

Аяқтарын бір жаққа шығарып отырады;
Денесін жинақы ұстайды. Бұл да әуретті көбірек жабады.

4. Қол көтеруде:

Қолды иық деңгейінен асырмайды;
Қолдарын жинақы көтереді.

Алла Тағала әйелге нәзіктік пен әдеп берген, сол әдеп намазда да көрінуі керек, сондықтан әйел кісі намазда жинақылықпен құлшылық етеді. Себебі намаз – тек ғибадат қана емес, әдеп пен ұяттың да көрінісі.

материал «Пайғамбар (с.ғ.с) намазының көрінісі» кітабынан алынды,

ummet.kz