11 июля 2026, Суббота 26 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Восход 04:07
Зухр 12:25
Аср 17:56
Магриб 20:32
Иша 22:23

Қадір түнінде қандай дұға жасаған абзал?

Қадір түнінде қандай дұға жасаған абзал?

Қадір түні – мұсылман баласы не тілесе де Алла оның дұғасын қабыл ететін ерекше түн.

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын», – деп сұрағанда, Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаһуммә иннәкә ъафуун кәрим, тухиббул ъафуа, фаъфу ъанни» (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр)», – деп дұға етуге кеңес берді.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz