10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Зухр 12:25
Магриб 20:33
Иша 22:24

Қажылыққа қатысты шектеулерге ішінара өзгеріс енгізілді

Қажылыққа қатысты шектеулерге ішінара өзгеріс енгізілді

Саудияның қажылық және ұмра министрлігі қажылар үшін COVID-19 пандемиясына байланысты шектеулерге ішінара өзгеріс енгізгенін жария етті.

Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы жаңа ереже талаптарына сәйкес жасы 12-ге толған және осы жастан асқан ел тұрғындары мен шетелдік азаматтар кіші қажылығын өтей алады. Аталмыш министрліктің Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жарияланған мәлімдемеде айтылғандай, жасы 12-ге келген және осы астан асқандар жұқпалы індетке қарсы екпе алғандары ғана қажылыққа жіберіледі. Бұдан бөлек, жасы 12-ге дейінгі жеткіншектер де Мекке мен Мәдина қалаларындағы қасиетті екі мешіттің сыртқы ауласына енуіне рұқсат етіледі.

дереккөз: islam.kz