24 августа 2026, Понедельник 11 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:30
Восход 05:10
Аср 17:13
Магриб 19:23
Иша 21:02

Қолдың да, аяқтың да оразасы бар деп жатады. Мұны қалай түсіну керек?

Қолдың да, аяқтың да оразасы бар деп жатады. Мұны қалай түсіну керек?

Имам Ғазали Ихия улум әд-Дин кітабында (1/234- б.):

«Оразаның үш деңгейі бар. Мұны біл», – деп жазады. Ғұлама сөзін жалғастырып: «Көпшіліктің оразасы (умум), ерекше ораза (хусус) және арнайы ораза (хусус әл-хусус). Көпшіліктің оразасы – асқазан мен құмарлықтан тыйылу. Ерекше ораза – құлақ пен көзді, тіл мен қол-аяқты және басқа да дене мүшелерін күнә атаулыдан тыю. Ал, арнайы ораза – жүрек оразасы. Бұл – жаман ой мен дүниелік пікірден тұтастай арылып, Алладан басқа барлық ойдан толығымен тыйылу», – дейді.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz