09 июля 2026, Четверг 24 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Зухр 12:25
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

Қонақ күтудің ең негізгі әдептері

Қонақ күтудің ең негізгі әдептері

Қонақ күту - мұсылманның сипаты.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде "Үйінде қонақ күтпейтін адамда қайыр жоқ" дейді.

- Қонақ шақырудың алғашқы әдебі - тақуа, Алладан қорқатын ізгі кісілерді шақыру. Ондай жандар берекесімен келеді.

Тек байлар мен жоғары шенділерді шақырып, кедейлерді тастап қою - әдепсіздік.

- Екіншіден, туысқандарды шақыруды ұмытпау. Жақсы мәмілеге, қонақ етуге ең лайықты туысқандар.

- Қонақ шақырғанда өз дүниесін, байлығын көрсетуді ниет ету дұрыс емес. Алла разылығы үшін бауырларына құрмет көрсету ниетімен шақыру керек.

Қонаққа бару әдептері:

- Шақырған жерге бару  - бекітілген сүннет.

- Шақырған адамды бай немесе кедей деп бөлмеу.

материал  «Ихя Улумуддин» кітабынан алынды,

ummet.kz