16 июля 2026, Четверг 2 сафар 1448 һ.
Время намаза
Восход 04:12
Зухр 12:25
Аср 17:54
Магриб 20:28
Иша 22:21

«Әл-Фараби»: «Жастардың діндегі орны мен тәрбиесі» тақырыбында көркем насихат айтты (фото)

 «Әл-Фараби»: «Жастардың діндегі орны мен тәрбиесі» тақырыбында көркем насихат айтты (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті. 


Бұл жолы мешіттің «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен өткізілген шарада РАНТ мүшесі, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахмет жиылған жамағатқа «Жастардың діндегі орны мен тәрбиесі» тақырыбында көркем насихат айтты. 

Насихат барысында дініміз Ислам жастардың қоғамдағы рөлінің жоғары екенін айтып, олардың тәрбиесіне айрықша көңіл бөлуге шақырады. 

Жастық шақтағы уақытты болмашы дүниенің арзан ойын-күлкісіне алданбай, тиімді пайдаланып, білім алуға, өнер үйренуге, ізгі істерге арнау қажет екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, жастық шақтың қадірін түсініп, оны пайдалы етіп өткізуді қалаған жан мынадай амалдарға: жастық шақта білім алу, ізгі дос таңдау, нәпсі тәрбиесі, қоғамға пайдалы іс жасауға мән беруі керек екенін атап өтті.

Ізгі шара соңын мешіттің наиб имамы Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында Алла арзан ойын-күлкіге салынбаған жасқа міндетті түрде риза болады», – деген (имам Ахмад) өсиетімен аяқтады.

222324

ummet.kz