09 июля 2026, Четверг 24 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Зухр 12:25
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

Майға және суға түскен лас нәрселердің үкімі

Майға және суға түскен лас нәрселердің үкімі

Зуһрий (р.а.) айтты: 

«Судың дәмі, исі, түсі өзгермесе, қолдануға болады»,- деді. 

Хаммад (р.а.) айтты: «Өлімтіктің мамығы суға түссе, оның зияны жоқ», - деді. 

Піл және басқа да еті желінбейтін хайуандардың сүйегі туралы Зуһрий былай деді: «Өткен ғұламалардың көбін көрдім. Өлген хайуандардың сүйегінен жасалған тарақпен шаштарын тарайтын еді, хошиісті сулары салынатын ыдыстары да сондай сүйектерден жасалған болатын. Олар оның зияны жоқ дейтін. 

Ибн Сирин және Ибраһим (р.а.): «Пілдің сүйегімен сауда-саттық қылудың еш зияны жоқ», - деп айтатын. 

Мәймуна (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қою майға түсіп өліп қалған тышқанның үкімі туралы сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Өлген тышқанды және оның айналасындағы майды алып тастап,қалғанын жей беріңдер», - деді. Мәймуна анамыз (р.а.) және айтты: «Осы хадисті Муин сәлбасқашарақ қылып айтып берді. Кейін мен еске сақтап қала алмайтын дәрежеде өте көп хадис риуаят қылды», - деді. 

Әбу Хурайра (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұсылман адам Алла жолында қанша жарақат алса, қиямет күні барлығы сол күйінде болады: түсі - қанның түсіндей, иісі – мисктің иісіндей болады. 

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды, 

ummet.kz