10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

Мәслихат депутаттары мешіт жағдайымен танысты

Мәслихат депутаттары мешіт жағдайымен танысты

Елордадағы «Шейх Кунта қажы» мешітіне Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттары арнайы бас сұғып, құлшылық ордасының жай-күйімен танысып қайтты.

«Жергілікті атқарушы органның этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы» мәслихатының кезекті сессиясына дайындық шеңберінде «Шейх Кунта қажы» мешітіне 30-ға жуық депутат келіп, мешіт ұжымымен кездесу өткізді.

Құрметті қонақтарды мешіттің бас имамы Ибрагим Сматаев өзі күтіп алып, мешіт тынысын баяндап берді. Сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттарына ҚМДБ шығаратын «Иман» журналы мен «Мұнара» газетін, басқа да рухани кітаптар тарту етілді.