08 октября 2026, Четверг 27 раби-уль-ахир 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:21
Зухр 12:07
Аср 15:49
Магриб 17:42
Иша 19:08

Оразаның парыз екенін білмеген адам қазасын өтеуге міндетті ме?

Оразаның парыз екенін білмеген адам қазасын өтеуге міндетті ме?

Рамазан айында ораза ұстау – парыз һәм Алла Тағаланың әмірі.

Мұсылмандар бұл әмірге мойынұсынуы керек. Егер білмей немесе ұмытып кеткен болса, ұстамаған оразаларының қазасын өтеуі тиіс. Каффарат шарт емес.
Себебі кәффарат – ораза ұстамаудың емес, оразаны бастап, әдейі бұзған адамның жазасы. Рамазан айында ораза ұстау парыз екенін біле тұра ораза ұстамау – күнә.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz