17 июля 2026, Пятница 3 сафар 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:20
Восход 04:15
Аср 17:53
Магриб 20:26
Иша 22:20

Сәби бала жылағанда намазды қысқартып оқуға бола ма?

Сәби бала жылағанда намазды қысқартып оқуға бола ма?

Әбу Қатада (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Мен намазымды ұзағырақ қылып оқымақшы болғанымда, сәби бала жылап қалса, анасына ауырлық түспесін деп, қысқарақ оқитынмын»,- деді.

Әнас ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) гөрі намазды қысқарақ және толығырақ оқитын бірде-бір адамды көрген емеспін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жас сәби баланың жылағаның естіп, анасына қиындық болмасын деп, намазын қысқарақ оқитын»,- деді.

Әнас ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Мен намазымды ұзағырақ қылып оқимын дегенімде, жас сәби баланың жылағаның естіп қалсам, оның анасына ауырлық түспеуін ойлап намазымды қысқарақ оқитынмын»,- деді.

Әнас ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Мен намазымды ұзағырақ оқымақшы болып бастасам, жас сәби баланың жылағанын естіп қалсам, оның анасына ауырлық түспеуін ойлап намазымды жеңілдетемін!»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz