08 октября 2026, Четверг 27 раби-уль-ахир 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 04:55
Восход 06:21
Зухр 12:07
Аср 15:49
Иша 19:08

Шымкент: Имамдар тазалық шарасына қатысты

Шымкент: Имамдар тазалық шарасына қатысты

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласында салынып жатқан «Сейітжан қари» атындағы 8000 орындық жаңа мешітте тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Игі іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов бастаған Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарына қарасты мешіт имамдары қатысып, тазалық жұмыстарына үлес қосты.

Жаңа ғибадат орны қаланың «Нұрсат» шағын ауданында орналасқан. Құрылыстың жалпы көлемі 12,0058 га-ны құрайды. Ғимаратта конгресс-холл, неке қию сарайы, медресе, кітапхана мен асхана, екі қабаттан тұратын автотұрақ, су бұрқақтар, фитнес орталық орналасады деп жоспарлануда.