08 октября 2026, Четверг 27 раби-уль-ахир 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:21
Зухр 12:07
Аср 15:49
Магриб 17:42
Иша 19:08

Ысырапқа заңмен тыйым салынады

Ысырапқа заңмен тыйым салынады

13 шілде. АСТАНА. Ummet.kz – Сауд Арабиясында таяу уақытта тамақты ысырап ету құқықбұзушылық болып саналуы мүмкін, деп хабарлайды kazislam.kz сайты.

Тиісті заң жобасы корольдіктің Консультативті кеңесінде қаралу үстінде. Жаңа заң мақсаты – саудиялық қоғамда тағамды тұтыну мәдениетін қалыптастыру.

Айта кетсек, Сауд Арабиясы ас-тағам қалдықтары көлемі бойынша елдер арасында көш басына шыққан. СА-ның әрбір тұрғыны жылына орта есеппен 250 кг ас-тағам тастайды, ал әлемде тағам қалдықтарын тастаудың орташа көрсеткіші – 115 кг.