09 июля 2026, Четверг 24 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Зухр 12:25
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

Зекетті өзімнің туған әпкеме, ағама берсем бола ма?

Зекетті өзімнің туған әпкеме, ағама берсем бола ма?

Зекет ақшасын өзінің ата-анасына, балаларына бере алмайды. Өйткені, оларға беруі өзіне қайта алумен тең.

Ал, одан өзге, бірге туған әпке-қарындастарына, аға-інілеріне бере алады. Тіпті, өзгеге бергеннен гөрі  кедей, ақшаға мұқтаж бауырына берген екі есе сауапты делінген. Сондай-ақ, егер бауырлары зекет ақшасын ала алатындай кедейлер санатынан саналса, ең алдымен зекетін солардан бастап беру керек делінеді кітаптарда.  

Бұған байланысты Ханафи кітаптарында былай делінген: «Араларында ұрпақтық байланыс болғандарға зекетін бермейді» деп шектеу қойып отыр. Онысы өзге жақындарына зекетті бере алатындығын білдіру үшін. Мысалы, кедей аға-інілері, немере аға-інілері, нағашылары сияқты. Тіпті, оларға беру (бөтенге бергеннен) артығырақ. Өйткені, онда зекеттің сауабы бар, әрі туыстық байланыс сауабы бар. Заһирияда айтылған: «Зекетті ең әуелі туыстарынан бастап береді» [1].

 

[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтәр. 3/293 бет.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz