10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

Жетісу имамдары діни экспедиция ұйымдастырды

Жетісу имамдары діни экспедиция ұйымдастырды

Жетісу облысының имамдары ҚМДБ-ның «Дархан дала» жобасы аясында өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлының бастамасымен киелі Түркістан облысындағы қасиетті мекендерге арнайы діни экспедиция ұйымдастырды.

Талдықорған қалалық «Тәубе» мешітінің бас имамы Керімбек Сәрсенбайұлы бастаған 20-ға жуық дін қызметкері Арыстан баб кесенесіне, байырғы Отырар қаласының орнына, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне барып, бабалар рухына Құран бағыштап, тарихы тереңде жатқан көне шаһардың киелі орындарын зиярат етті. Сондай-ақ мешіт ұжымы күллі түркі жұртының рухани астанасына айналған қаланың жаңарған көрінісіне куә болды. Еліміздің оңтүстігіне игі мақсатта сапар шеккен ұжым рухани мол тағылым алып қайтты. ⠀

Айта кетсек, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Дархан дала» жобасы іске қосылған болатын. Жоба мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету, тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру.