10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

Жетісу: Күзгі жиын-терінмен жәрдемдесті

Жетісу: Күзгі жиын-терінмен жәрдемдесті

Талдықорған қалалық «Тәубе» мешітінің бас имамы Керімбек Дәуітов бастаған дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен «Зекет және қайырымдылық» қоры өңірдегі өкілдігінің «Күзгі жиын-терін науқаны» деген атпен ұшырдан жиылған қайырымдылық шарасы өтті.

50-ден астам мұқтаж отбасына азық-түлік, көкөніс, дәнді-дақылдар үлестірілді. Көмек алған отбасылар имамдарға, барша дін қызметкеріне алғыстарын білдірді.

«Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған – адамдықтың белгісі» деп халқымыз айтпақшы,  қайырымдылық жасап, мұқтаждарға медет сыйлап жүрген имамдарымызға Алла разы болсын!