09 октября 2026, Пятница 28 раби-уль-ахир 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:22
Зухр 12:07
Аср 15:48
Магриб 17:40
Иша 19:06

«Жібек» қыз-келіншектер клубы мастер-класс ұйымдастырды

«Жібек» қыз-келіншектер клубы мастер-класс ұйымдастырды

26 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінде «Жібек» қыз-келіншектер клубы әйел жамағатына «Дене және бет күтімі» жайында мастер-класс өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Діни сауат ашу курстарына келетін әйел шәкірттердің басын қосып, түрлі шараларға  ұйытқы болып жүрген «Жібек» қыз-келіншектер клубы бұл жолы әйел адамның өзін күтінуі жайында мастер-класс ұйымдастырды. Мастер-классты дене және бет күтіміндегі плазмалық және аппараттық косметология маманы Айнұр Тұрсынбекқызы жүргізді.

«Жібек» клубының жетекшісі, «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева қонақты жамағатқа таныстыру барысында күнімізде әйел адамның жан-жақты сауатты әрі көзі ашық болуы керектігі жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, өзін дұрыс күтіне білудің ана денсаулығы үшін маңызды екенін атап өтті.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1