30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

«Әл-Фараби»: Ораза айт намазы оқылып, дұға жасалды (фото)

«Әл-Фараби»: Ораза айт намазы оқылып, дұға жасалды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке.

Бұл күні ғұсыл құйынып, үстіне жұпар иіс сеуіп, айт намазына қатысу сүннет. Ораза айт – оразаның аяқталғанын білдіретін мереке.

Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде Рамазан айынан кейін келетін Ораза айт намазы оқылды. Осы қасиетті мерекеде «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне халық көп жиналды. Отыз күн оразаның сауабын арқалап, Алла Тағаланың үйіне таң сәріден жиналған жамағат сәждеге бас тигізіп, құлшылық етті. Айт намазын оқып, құлшылық жасауға еңкейген қариядан балағат жасына енді толған жастарға дейін келген. Олар бір ай бойы Алла Тағаланың разылығы үшін ауыз бекітіп ашқұрсақ жүрді, көзді харамнан, құлақты өсектен, тілді ғайбат сөйлеуден тыйды.

Мешітімізге арнайы келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы Дүйсенбай Айт намазына жиналған жамағатқа ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жеткізді. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің Бас имамы Нұрлан Бекболатұлы Ораза айттың қадір-қасиеті мен осы күні атқарылатын салиқалы амалдар жайлы мерекелік уағыз-насихат айтып, жиналған жұртты қастерлі мерекемен құттықтады.

Екі рәкәғат айт намазы оқылғаннан кейін, арнаулы Ораза айт құтпасы оқылып, құтпа соңында елімізге амандық, су тасқынынан зардап шеккен халқымызға амандық сұрап, Отанымызға тыныштық, азаматтарымызға екі дүниенің жақсылығын тілеп дұға жасады.

90995733 17b6 428d a125 473690a664c5

1b4043e0 045f 41cf bcb5 746882c506a6

4c2243fa 227e 4273 9c50 d9d6e3d12b62

33db2f48 4ee5 4f82 b9f5 6a4bc39f680b

a6a2f825 e9aa 46aa 90f2 c8352d229829

e80d3ecc 3bde 4562 8bca 3ce026f5098b

78f2f806 f3bf 4cf1 8e66 5b140aefb765

5602168c de24 4311 86dc 75919c44a585

361acc15 226e 414e 9ee5 6ecef2a1ddcc

3481cef5 99f9 4cc3 a314 d24f1020337e

322d65df 010f 43e7 bf16 2b97a14af405

ca4d65bd 8c5e 46e5 b9b0 872a01e7d343

f1c0b284 e833 46d7 9514 55bd8ff0b827

f70b681b c000 4a82 8fd5 878d0a618e8c

ummet.kz

Бөлісу: