30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

«Әл-Фараби»: Ақсақалдар мен аналарды Айтпен құттықтады (фото)

«Әл-Фараби»: Ақсақалдар мен аналарды Айтпен құттықтады (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Ораза айт мейрамы ерекше тойланды.

Ораза айт намазынан кейін жамағатқа ыстық бауырсақ пен ыстық шай тарту еткен мешіт ұжымы ата-әжелерге де арнап тағы бір мереке ұйымдастырды.

Дін мен дәстүрді ұштастыра білген мешіт ұжымы қазақы киіз үйде ұлттық тағамдардан ақ дастархан жайып, мерекелік шараның сәнін келтіріп, халықтың қуанышын бөлісті.

Мешіттің наиб имамы Мамлюк Мұсаев ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға Ораза айт мейрамының қадір-қасиеті, діндегі орны жайлы жылы насихат айтты. Ата-әжелеріміз қазақы дастарханнан қымыз ішіп, арқа-жарқа болып, нағыз Ораза айттың қалай тойланатынына куә болды.

77497170 afb5 477a a100 fb73308b9f65

ea1f1cee 976c 43a3 8b8b 037a584b4531

b841f748 1b2f 40b0 a558 5790327d7bfc

a56b2561 3a2c 4386 8b8c 7961f629c5e1

ummet.kz

Бөлісу: