28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Ардагерлерге ауызашар берілді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті Рамазан айында Астана аумағында қайырымдылық шаралары көптеп ұйымдастырылады. Оразадағы оңды істердің бірі – әртүрлі әлеуметтік ортада ауызашарлар жасау. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Рамазан айына арнаған өзінің дәстүрлі үндеуінде игілікті істерді ұдайы өткізуге шақырған болатын.

Осындай игі мақсат негізінде «Нұр Астана» орталық мешіті қала көлемінде әртүрлі қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Кеше Есіл ауданы ардагерлеріне арнайы ауызашар берілді.

«Есіл» ауданының ардагерлер  кеңесінің төрайымы Рысты Атығаева әрқашан қарттарға қамқорлық жасалып келе жатқан «Нұр Астана» орталық мешітіне алғысынын білдірді. Өз кезегінде "Нұр Астана" орталық мешітінен келген наиб имам Нұрлан Рамазан ақжаулықты аналар мен ақсақал қарияларды қасиетті ораза айымен құттықтап, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Наиб имам ақ дастархан басында Рамазан айының қадір-қасиеті туралы Құран аяттары мен пайғамбар хадистерімен сабақтап, әсерлі әңгіме өрбітті.

Ауызашар кешінде 70 адам қонақ болды. «Нұр Астана» орталық мешітінің тарапынан ардагерлерге арнайы сый-сияпат таратылды.


 

 «Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: