04
Сб,
мая

һижри

Мәскеуде Құран мерекесі өтеді

Жаһан

Мәскеу қаласында 25 қыркүйек күні «Крокус Сити Холл» концерт залында Құран мерекесі өтеді.

Айтулы шарада XVII Мәскеу халықаралық Құран жарысының ақтық финалы ұсынылады. Құран жарысына әлемнің 30-дан аса мемлекетінен қарилар қатысады. Конкурсанттар Тиләуа номинациясы бойынша қасиетті Құран аяттарын көркем оқудан жарысатын болады. Ресей елінің атынан мәскеулік қари Оятулло Зарифи қатысады.

Айта кету керек, биылғы шарада көрермендерге үлкен мәдени бағдарлама ұсынылады. Концерт залы фойесінде құрметті қонақтар мен Құран хаифздерінің әртүрлі шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, мереке аясында көпшілікке арналған ойын барысында 3 ұмра қажылығы жолдамасы берілмек. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: