18
Сб,
мая

һижри

Мұхаммед Әлиге марапат тағайындалды

Жаһан

Аты аңызға айналған спортшы Мұхаммед Әлиге Джесси Оуэнстің «Олимпия рухы» атты марапаты тағайындалды.

Айта кету керек, бұл марапат америкалық жеңіл атлет Оуэнстің Берлинде өткен 1936 жылғы Олимпиада ойынында төрт алтын медаль алуының 80 жылдығына орай белгіленген.

Биыл бұл марапат алғаш рет берілмек. Оның алғашқы игері – Мұхаммед Әли. Ресми шара кезінде аталмыш сыйлықты Оуэенстің немересі М.Әлидің жұбайына табыстайды.

Еске салсақ, Мұхаммед Әли 3 маусым күні 74 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Әли – ауыр салмақта үш дүркін әлем чемпионы. 1969 жылғы Олимпиада чемпионы. 21 жылдық спорттық карьерасында ол 61 кездесу өткізіп, оның 56-ын жеңіспен аяқтаған. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: