15
Ср,
мая

һижри

Нью-Йорк мэрі мұсылмандарға қолдау білдірді

Жаһан

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио діни ұстанымға байланысты туындайтын қысымшылықтан мұсылмандарды қорғауға арналған интернет-акцияға қолдау білдірді.

Билл де Блазио қалалық қоғамдық істер, адам құқықтары комиссиясы және босқындар басқармасы тарапынан шараны өткізу жоспары аясында әлеуметтік желілерде арнайы кампания құрды.

«Қазір Нью-Йорктың әрбір тұғырын қала тынысымен бірігіп, зорлық-зомбылыққа қарсы тұратын ең маңызды кез келді. Нью-Йорктің әрбір тұрғыны сыйлаға, құрметтеуге лайықты. Христиандар, мұсылмандар, иудейлер, үндістер, агностиктер мен атеистер болсын – барлығы біздік азаматтар» деді мэр.

«Біз нәсілі, діні мен ұлтына қарап қысым жасауға төзе алмаймыз және еш шаршамастан бұл құбылыстарға қарсы күрес жүргіземіз. Барлық нью-иорктықтар, оның ішінде бауырларымыз – мұсылмандармен бірге тиісті құрмет, қатынасты қалыптастыруға бар күш-жігерімізді саламыз» деді Билл де Блазио. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: