29
Пн,
апр

һижри

Обама «ислам терроризмі» терминіне қарсылық танытты

Жаһан

«Ислам терроризмі» термині халықаралық террористік топтарды, ДАИШ лаңкестік ұйымын сипаттау үшін қолданылмауы тиіс.

Америкалық әскерилерге оқыған баяндамасында АҚШ президенті Барак Обама осылай деп мәлімдеді.

«Ислам терроризмі» сөз тіркесі ислам діні мен терроризмді теңестіріп тұр. Ал бұл, баршаға белгілі, бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар. Мұндай терминдер Құрама штат әр уақытта әріптестік, достық қатынастағы ислам елдеріне жайсыз әсер етеді. Сол себепті баршамыз бірігіп әлемдік терроризмге қарсы тойтарыс беру үшін бұл терминдерді қолданудан бас тарту керек. Сондай-ақ бұл термин америк қоғамына да үлкен алауыздық алып келеді. Ал қазіргі уақытта бізге бірлік ауадай қажет» деп атап өтті Барак Обама. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: