29
Пн,
апр

һижри

Британия кеңселерінде араб тілінің сұранысы жоғары

Жаһан

Ұлыбританияда жалақысы жоғары қызметке тұру үшін қажетті талаптардың біріне араб тілін жетік меңгеру кіреді.

Бұл туралы Adzuna жұмыс және қызметкерлер іздеу жүйесі операторы хабарлады.

Британ компаниясы еңбек нарығындағы миллионнан аса бос қызмет орындарын зерттей келе, Тұманды Альбионда неміс тілінен кейінгі сұраныс араб тіліне жоғары екенін анықтаған.

Зерттеушілер қандай тілді меңгеру жоғары жалақылы қызмет ұсынатынын анықтауға назар аударды. Зерттеу барысында ағылшін тілімен бірге сегіз тілдің беделі жоғары екені белгілі болды. Бұл тізімде араб тілі неміс тілінен кейін, екінші қатарға шықты, деп хабарлайды Al Arabiya.

Британияда ағылшын және неміс тілінде сөйлейтін мамандардың жылдық еңбекақысы орта есеппен 45 мың долларды құрайды. Ал елдегі жалпы жылдық жалақы 35 760 долларға тең келеді.

Британ жұмыс берушілеріне өзге еуропалық тілдерге қарағанда араб тіліне деген қызығушылық жоғары, арабтілді қызметкерлер жалақысы 44 500 доллар шамасында.

Қазіргі уақытта корольдікте 1113 ашық қызмет орындарына хабарлама берілген. Бұл бос орындарына  ағылшын және араб тілін білу талап етіледі.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: