14 октября 2026, Среда 3 джумад-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:31
Зухр 12:05
Аср 15:38
Магриб 17:29
Иша 18:55

Исламның түбі – «Алла менің істегенімді көріп тұр» дегеннен басталады

Исламның түбі – «Алла менің істегенімді көріп тұр» дегеннен басталады

Адам баласының бәрін жақсы көріп үлгеру, кешірім сұрап үлгеру, кешіріп үлгеру, асты-үстіне түсіп көмектесіп үлгеру, махаббатыңды көрсетіп үлгеру сондай маңызды. Жұрттың бәріне махаббатын бере алатын, жан дүниесі сондай аппақ адамды атам «тірі Құран» деп отырушы еді.


Мұндай адамдарға Алланың берер жәрдемінде шек жоқ. Бұрын Мәдинада тұратын Шамлы деген кісі болыпты. Жақындарын ғана емес, адам баласын ренжітуге қимайтын жүрегіне, ешкімге арамдық ойлай алмайтын қасиеті мен ниетіне қарап бәрі оны «тірі Құран» дейді екен. Алайда әлгі кісінің Құранды жаттап алсам деген үлкен арманы болыпты. Ол жазу-сызу білмейтініне қарамай, Құдайдың құдіретімен бір түнде Құранды жатқа айтатын қасиетке ие болған екен деп жатады.

Әл-Басир – Алланың бүкіл нәрсені көруші деген сипаты. Ол бәрін көреді, ешбір бөлшек Оның назарынан тыс қалмайды. Біреудің қуанышына қызғанып қалатын, бірақ сыртқа көрсетіп үлгермейтін алғашқы секундтардағы жүрек реакциямызға дейін көруші.

Бір кісі ислам ғалымына келіп: «Маған Құран үйрете аласың ба?» дейді. Сөйтіп, екеуі отырып Құран оқи бастайды. «Әл-Зилзәлә» сүресіне келгенде: «Алла сондай – тозаңдай жақсылық жасағанды да көреді, тозаңдай жамандық жасағанды да көреді» деген аятты оқиды. Сол кезде әлгі кісі: «Болды, осы жерден тоқтата беріңіз, мен исламды түсіндім. Исламның түбі – Алла Тағала менің істегенімді көріп тұр дегеннен басталады екен деп» кете берген екен.

Тағы бірде бір ұстаз көп балаға сабақ береді. Бір баланы ерекше жақсы көріпті. Өзге шәкірттері «Сіз оны артық көресіз» деп ренжиді екен. Сонда ол кісі «Бәрің бір-бір жануарды алып, ешкім көрмейтін жерге барып сойып әкеліңдер» дейді. Бәрі жан-жаққа кетеді. Ал әлгі жақсы көретін шәкірті соймай, қайтып келіпті. «Неге соймадың?» деп сұрағанда, «Сіз ешкім көрмейтін жерге барыңдар дедіңіз, ал әлемде Құдай көрмейтін жер бар ма?» дейді. Сонда ұстазы: «Осының үшін мен сені жақсы көремін» деген екен.

Әл-Басир Есімін қосып айтқан дұғаларым мына өмірде маған көп көмектесті, интуициям мықты бола бастағанын сеземін. Баяғының кезінде көкірек көзі ашық адамдар көшеде жүргенде, оларды көрген өтірікші, өсекші, ұры-қары бұрылып қашады екен. Өйткені олардың интуициясы мықты болған, кем-кетігімізді сезіп қояды деп қорыққан ғой.

Мәдинада азаншылардың арасынан Біләлді таңдап алады емес пе? Сонда жұрт «Неге Біләлді таңдаған? Ол бір арабтың үйінде құл болған, әрі қара нәсілді» деп ойлауы мүмкін ғой. Алайда «Алла біздің түрімізге де, нәсілімізге де қарамайды. Ол жүрекке қарайды».

Құдайшылық жүректе. Ал оның Көрушісі анық бар.

материал «Жүрек білмеген есімдер» кітабынан алынды, 

ummet.kz