22 июля 2026, Среда 8 сафар 1448 һ.
Время намаза
Восход 04:20
Зухр 12:26
Аср 17:51
Магриб 20:21
Иша 22:18

Міне, осы аят – әр жаралы жүрекке шипа

Міне, осы аят – әр жаралы жүрекке шипа

Алла Тағала Құранда былай дейді:


«Бәлкім, сендер бір нәрсені жек көрерсіңдер, ал ол сендер үшін қайырлы болар». («Бақара» сүресі, 216-аят)

Міне, осы аят – әр жаралы жүрекке шипа. Сен қазір ажырасуды қайғы көресің, бірақ Алла ол арқылы сені қорғап тұр.

Бәлкім, сені улайтын өмірден, сенің рухыңды сөндіретін тағдырдан алып шықты. Сен жоғалттым деп ойладың, бірақ Алла сені тазартып, дайындап жатыр. Жаңа өмірге, жаңа тынысқа, жақсырақ болашаққа.

Есіңде болсын… Алланың мейірімі сенің жасаған күнәңнан да үлкен, Оның кешірімі сенің өткеніңнен де кең.

Сенің жүрегің жаралы болса да, Раббың оны саған қайта гүлдетіп береді. Кейде біз өзіміз таңдағанды қаласақ та, Рахман Иеміз бізге өз даналығымен керегін береді. Сондықтан тағдырды кінәлама. Сол ауыр сәттің ішінде – Алланың саған деген қамқорлығы бар.

Жаңа күнге сеніммен қара. Бір күні сен оянып, айнаға күліп қарарсың. Көз жасың құрғайды, жаның жеңілдеп, жүрегің тынышталады.

Сол сәтте түсінесің, жаның ауырған күндер — сені мықты еткен күндер екенін.

Сенің қазір төгіп жатқан көз жасың — болашақта гүлге айналатын жаңбыр тамшылары. Сенің жүрегің ауырса да, Алла оны босқа ауыртпайды.

Сенің өміріңде не болса да — оның бәрі бір ғана мақсатпен.

Сен бұл жолды өз қалауыңа жетпедің, бірақ Алла саған керегіңді бермек. «Мүмкін, Раббың сен айырылғанның орнына одан да жақсысын нәсіп етер…»

Сондықтан, үмітіңді үзбе. Сенің өмірің осымен аяқталып қалмайды. Бұл тек Алланың жаңа бір бастамасы. Ажырасқан әйел — жоғалған әйел емес.

Ол — Алланың қамқорлығындағы әйел.

Ол сынған жоқ, тек Алла оны жаңа өмірге дайындады.

Сондықтан жүрегіңе айт: «Менің Раббым мені тастамады. Ол менің көз жасымды да көріп, жүрегімді де біледі. Жақсырақ күндер алда толассыз келе жатыр».

Алла сені әлсіз қылу үшін емес, рухыңды өсіру үшін сынаққа салды.

Сен енді бұрынғы сен емессің. Сен оттан өткен, бірақ өртенбегенсің. Сенің жаның жаралы, бірақ тірі. Сенің үмітің Жаратушыда болса, ендеше қорықпа, сен қайта гүлдейсің. Алла саған ең керегін, ең уақытылысын береді. Кейде кешіккенмен, бірақ ешқашан қателеспейді. Ол — Мінсіз!

Алла Тағала Құранда: «Бәлкім, Раббымыз оның орнына одан қайырлысын берер…» (“Қалам” сүресі, 32-аят)

Бұл — Алланың мейірімінің дәлелі. Яғни, сен бір нәрседен айырылсаң — ол істің соңы емес. Сол айырылудың артында жақсырақ тағдыр, таза өмір, нағыз тыныштық жасырылған болуы мүмкін.

Бәлкім, Алла сен сүйгенді емес, саған шын қамқор болар жанды дайындап жатыр. Сен жоғалттым деген өмір — шын мәнінде, өзіңді табуға басталған жол шығар.

Тағдыр кейде түсініксіз. Сен дұға етесің, бірақ жауап кешігеді. Сол үнсіздіктің өзінде де жауап бар. Ол сені сынап емес, өсіріп жатыр. Сенің сабырыңды, сеніміңді, жүрегіңнің беріктігін көрсетіп жатыр.

материал «Сен керексің!» кітабынан алынды,

ummet.kz