22 июля 2026, Среда 8 сафар 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:23
Восход 04:20
Зухр 12:26
Аср 17:51
Магриб 20:21

Намаз оқыған кезде қандай амалдар мубах саналады?

Намаз оқыған кезде қандай амалдар мубах саналады?

Намаз оқыған кезде мубах саналатын амалдар:

1. Басты бұрмай, көзімен ғана назар салу;

2. Сәжде ететін жерді бір-екі мәрте түзулеп жіберу;

3. Жылан немесе шаянды өлтіру үшін аспап алып келген уақытта,денесі құбыладан бұрылса да намаз бұзылмайды;

4. Сүннет намазында қырағатты бұзбайтындай аузында теңге немесе бір зат болса;

5. Жерге немесе тізеге қолды қоюға кедергі болмайтындай қолда бір заттың болуы;

6. Рукуғта және басқа жерлерде киім жабыспауы үшін киімді қағу;

7. Нәпіл намазының бір ракағатында екі рет бір сүрені оқу;

8. Нәпіл намазда қабырғаға немесе бір нәрсеге сүйену;

9. Имам қандай іс-әрекет жасаған көру үшін, көз қиығымен алдына, жанына қарау.

материал «Ғибадат исламия» кітабынан алынды,

ummet.kz