24 августа 2026, Понедельник 11 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:30
Восход 05:10
Аср 17:13
Магриб 19:23
Иша 21:02

Намаздың парыз болу шарттары

Намаздың парыз болу шарттары

Мұсылман болу. Намаз – мұсылман болған ер кісі мен әйелге парыз. Кәпірлерге намаз парыз емес. Өйткені олар дүние мен ақыретте Ислам үкімдерінің тармақтарына жауапкер емес. Олардың ақыреттегі жазасы – күпірліктің қарымы.

Балиғат жасына жету. Балиғат жасына жетпеген балаға намаз парыз емес. Өйткені, Алла Елшісі былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Айыққанға дейін ақылынан адасқанға, оянғанға дейін ұйқыда жатқанға және балиғат жасына жетпеген балаға» (Бухари, Тирмизи).

Ақыл-есі дұрыс болу: Ақыл – ислами жауапкерліктің негізі. Сондықтан Ханбәли мәзһабынан басқа фақиһтардың көзқарастары бойынша, ақылынан адасқанға намаз парыз емес. Бұл жайлы хадисті жоғарыда айтып өттік.

(Материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды)

Ummet.kz