08 октября 2026, Четверг 27 раби-уль-ахир 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 04:55
Восход 06:21
Зухр 12:07
Магриб 17:42
Иша 19:08

Тәффәккур етуге тыйым салынған нәрселер

Тәффәккур етуге тыйым салынған нәрселер

Тәфәккурдің абзалдығымен қоса, тәфәккур етуге болмайтын нәрселер де бар. Алла Тағала «Уақиға» сүресінің 61-аятында: «Сендерді өздеріңе беймәлім жаңа болмыста қайтадан жаратамыз…» – деді. Адам қанша пікір етсе де, ақиқатына жете алмайтын заттар өте көп. Соның ең үлкені – Алланың Өзі жайлы пікір ету.


Ибн Омар (Алла ол екеуіне разы болсын) өзінің бір сөзінде: «Алланың жаратылыстары жайлы пікір етіңдер. Алланың Өзі жайлы пікір етпеңдер», – деді. Ибн Аббас та (Алла оған разы болсын): «Кез келген нәрсені пікір қылсаң, пікір қыл. Бірақ Алла жайлы пікір етпе», – деді. Алланың Өзі жайлы дегеніміз – Оның кемел есім-сипаттары жайлы пікір қылмау деген сөз емес, өйткені Оның көркем есімдерін ойланып, Алланың «Әр-Рахим» (мейірімді), «Әл-Хаким» (дана), «Әр-Раззақ» (ризықты мол беруші) және тағы да басқа есімдерін еске алу – өте ұнамды іс.

Алланың Өзі жайлы пікір етпеу дегеніміз – Құдайдың «қалай» екендігі жайлы сұрақтар. «Алла қайда?», «Ол қалай көреді, қалай сөйлейді, қалай естиді?» – деген секілді сұрақтармен Оның болмысы туралы көп ойлану. Біз қажет білім «Шура» сүресінің 11-аятында келген: «Оның (Алланың) бірде-бір ұқсасы жоқ. Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Басир (бәрін көруші)».

Келесі тыйым салынған тәфәккурдің бірі – рух мәселесі. Алла «Исра» сүресінің 85-аятында:

«Сондай-ақ олар сенен рух жайлы сұрайды. Оларға: “Рух – Раббымның ғана білетін ісі. Бұл мәселеде сендерге тым аз ілім берілген”, – деп айт» – деді.

«Рухтың мекені қайда? Оның салмағы бар ма? Ол материя ма, жоқ па?» деп, рухтың мәнісі жайлы ойлану. Бұл да – тыйым салынған.

Тыйым салынған тәфәккурдің келесі түрі – Алланың істері мен даналығына наразыланып «Неге?!» деп пікір ету. «Неліктен Алла маған бұлай істеді? Неліктен әлгі пәленше бай, мен кедеймін? Неге Алла оған емес, маған сынақ берді?» деп наразылана пікір қылу.

Тыйым салынған тәфәккурдің келесі түрі – жамандық жайлы көп ойлану. «Алла неге шайтанды жаратты?», «Алла неге зұлымдық атаулысына жаратты?» деп көп пікір қылу.

Тыйым салынған тәфәккурдің соңғы бір түрі – тағдыр мен ғайыптың тереңіне үңілу. Ғайып әлемі, тағдырдың «қалайы» мен «негесін» пікір етпеу. Адам Алланың хикметін толықтай ұғынуға қауқары жетпейді. Ғалымдарымыз айтпақшы: «Тағдыр – күн секілді. Оған ұзақ қараған сайын – көзіңді соқыр етеді». Аллаға тапсырамыз. Оның кемел даналығына иман етеміз. Өзімізге тиесілі жақсы амалдың барлығын жасауға тырысамыз.

материал «Саф жүрек» кітабынан алынды, 

ummet.kz