10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Зухр 12:25
Магриб 20:33
Иша 22:24

Жігіттің жігіті – нәпсісіне ие болғаны

Жігіттің жігіті – нәпсісіне ие болғаны

Халық арасында «жігіттің төресі өзінің нәпсісіне ие болып, иманын сақтай білгені» деген ұстаным болды. Шал ақын ердің ері ғана иманын сақтап, нәпсісіне ерік бермейтінін ескертеді:

Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі,

Бөріге қой алдырмас ердің ері.

Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,

Жоламас ешбір пәле шайтан-пері.

Мұндай  ұстанымдар дін тағылымында  айтылған мұсылманға тән қасиеттерді аша түседі. Әбу Һурайрадан  (р.а.)  жеткен хадисте  Алланың Елшісі  (оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі  болсын) былай дейді: «Күшті адам күресте жеңген емес, шын мәніндегі күшті ашу кезінде өзін-өзі билей алған адам», – деген. Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

материал «Дін мен дәстүр» кітабынан алынды,

ummet.kz