11 июля 2026, Суббота 26 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:16
Восход 04:07
Аср 17:56
Магриб 20:32
Иша 22:23

БАҚАРА СҮРЕСІ 284 - АЯТ

БАҚАРА СҮРЕСІ 284 - АЯТ

«Көктер мен жердегі нәрселер Алланыкі. Іштеріңдегілерді жарияласаңдар да жасырсаңдар да Алла сендерден оның есебін алады» [Бақара,284].

Алла елшісінеосы аят түскенде сахабалар таңданып,ойымызға келген әрбір нәрсе үшін жауап береміз бе?, - деді.

Олар Пайғамбарымызға келіп: «Уа Алланың елшісі! Бізге намаз, ораза, Алла жолында күрес секілді шамамыз жететін амалдар бекітілді емес пе?. Алайда, Алла тағала мына аятты түсірді. Біздің бұған шамамыз келмейді ғой?», - деді.

Алла елшісі: «Сендер де, сендерден бұрыңғы кітап иелері секілді «естідік те, қарсы шықтық» деп айтпақшысыңдар ма?, Жоқ, оның орнына «Естідік те, бойұсындық, кешіріміңді тілейміз. Уа Раббымыз! Бір өзіңе ғана ораламыз», - деп айтыңдар», - деді. Сахабалар Хазреті Пайғамбар айтқан сөзді қайталап, жүректеріне бекіткен сәтте Алла тағала :«Пайғамбар , Раббысынан өзіне түсірілгенге иман келтірді. Мүминдер де иман келтірді...», - деген аятты түсірді.

Осы аяттардан кейін Алла тағала: «Алла пендесіне тек шамасы жететін нәрсені ғана жүктейді...», -  деген аятты түсірді [Бақара 286].

 

 ummet.kz рухани-ақпараттық порталы