16
Сәрсенбі,
Қазан

һижри

Қадір түні оқылатын таңдаулы дұғалар

Мақалалар
Жарнама

Қадір түні оқылатын дұға:
اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ كَرِيمٌ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي

«Аллаһуммә иннәкә 'Афуун, Каримун, тухиббул-'афуа фа'фу 'анни»
«Уа, Алла! Сен Кешірушісің, Жомартсың. Кешіруді жақсы көресің. Мені де кешіре гөр!» (Имам Тирмизи риуаяты)

Ата-ана үшін жасалатын дұға

«Раббым, Мені кішкентайымнан бағып, тәрбиелеп өсіргеніңдей оларға мейірім ет!»

«Роббир-хәмһумә кәмә роббәяни соғиро»

Жоқшылықтан, ауру-сырқаудан сыйыну

Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.

«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһум- мә ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә әнт».

Жақсы мінез сұрау

Я, Алла! Мені өмірдің қиындығынан сақтай гөр. Мені ең жақсы істер мен жақсы мінезге жетелей гөр. Өйткені оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Және оның жаманын менен айықтырғайсың. Өйткені оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды.

«Аллаһумма инни әъузу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-ъумр. Аллаһуммаһ-дини әхсәнәл-әъмәли, уәл-әхләқи лә йәһди ли-әхсәниһә иллә әнтә уәсриф ъанни сәий-әһә лә йәсрифу ъаннисәий-әһә иллә әнт».

Ризық сұрау

Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар.

«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира».

Жақсылық сұрау

Я, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын, әуелгісі мен ақырғысын, әшкересі мен жасырынын, Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Менің зікірімді жоғарылатып, ауыртпалығымды таста, жүрегімді тазалап, әурет жерімді сақта және күнәларымды кешір.

«Аллаһумма инни әс-әлукә фәуәтихәл-хайри уә хауәтимәһу уә жауәмиъәһу, уә әууәләһу уә әхираһу уә заһираһу уә бәтыйнәһу, уәддәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Аллаһумма инни әс-әлукә ән тарфәъә зикри, уә тәдаъа уизри, уә тутаһһира қалби, уә тухассинә фаржи, уә тәғфира ли зәнби».

Алладан Өзін жақсы көретін жүрек, иман сұрау

Я, Алла! Өзіңді жақсы көруді және Сені жақсы көретінді жақсы көруді және Сенің жақсы көруіңе жақындататын әрбір амалды жақсы көруді маған нәсіп ет. Уа, Алла! Сенен мәселенің қайырлысын, жақсы дұға, жақсы нәтиже және жақсы сауап сұраймын. Мені бекем ет және таразымды ауырлат, иманымды нығайт, дәрежемді көтер, намазымды және ғибадаттарымды қабыл ет, қатемді кешір және маған жоғары дәрежелі Жәннатты нәсіп ет!

«Аллаһумма инни әс-әлукә хуббәкә уә хуббә мән йухиббукә, уә хуббә куллә ъамә лин йуқаррибуни илә хуббик. Аллаһумма инни әс- әлукә хайрал-мәс-әләти, уә хайрад-дуъа-и уә хайран-нәжәхи, уә хайрас-сәуәби, уә сәббитни уә сәққил мауазини, уә хаққиқ имәни, уәрфаъ дәражәти, уә тәқаббәл саләти уә ъибәдәти, уәғфир хати-әти уә әс-әлукәд-дәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ».

Береке сұрау

Я, Алла! Менің естуімді, көруімді, мінезімді, сырт келбетімді, отбасымды, өмірімді және амалымды берекелі етуіңді сұраймын, ізгі амалдарымды қабыл еткейсің. Сенен Жәннаттағы биік дәрежені сұраймын.

«Аллаһумма инни әс-әлукә ән тубәрикә фи сәмъи, уә фи бәсари, уә фи халқи, уә фи хулуқи, уә фи әһли, уә фи махйа-я, уә фи ъамәли, уә тәқаббәл хәсәнәти, уә әс-әлукәд- даражәтил-ъулә минәл-жәннәһ».

Алланың разылығын сұрау

Я, Алла! Шынайы иман, иманды көркем мінез, артынан бақыт ілескен табыс, Сенен келетін мейірім және жарылқау, кешірім және разылығыңды сұраймын.

«Аллаһумма инни әс-әлукә сиххатән фи имәни, уә имәнән фи хусни хулуқин, уә нәжәхән йәтбәъуһу фәләхун, рахмәтән минкә уә ъафиәтән минкә, уә мәғфиратән уә ридуәнә».

Алладан көмек сұрау

Я, Алла! Істерімнің қорғаушысы болған дінімді, өмір сүретін дүниемді, қайтып оралатын ақыретімді түзегейсің. Өмірімді ізгі амалдарды көбейту, ал өлімімді барлық жамандықтан демалу қылғайсың. Уа, Раббым! Маған көмектесе гөр және маған қарсы көмектеспегейсің. Мені жеңіске жеткіз және біреуге жығып берме. Мені тура жолға сал және тура жолды маған жеңіл қылғайсың.

«Аллаһумма әслих ли динил-ләзи һууә ъисмәту әмри, уә әслих ли дуния-ялләти фиһә мәъәши, уә әслих ли әхиратил-ләти иләйһә мәъади, уәжъалил-хәятә зиядатән ли фи кулли хайрин, уәжъалил-мәутә рахатән ли мин кулли шәрр. Уә Рабби әъинни уә лә туъин ъаләйя уәнсурни уә лә тәнсур ъаләйя, уәһдини уә йәссирил-һудә ли».

Ummet.kz - Рухани-ағарту порталы

Бөлісу: