10
Дүйсенбі,
Тамыз

һижри

«Нұр Астана» мешітінде «Рамазан шуағы» игі шарасы жүріп жатыр

«Нұр Астана» мешітінде «Рамазан шуағы» игі шарасы жүріп жатыр

Мешіт тынысы
Жарнама

28 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешіті Рамазан айының құрметіне «Рамазан шуағы» ауызашар тарату және «Жүрек жылуы» азық-түлік тарату шараларын қарқынды жүргізуде, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Осыған орай, елорданың төрінде орналасқан «Нұр Астана» мешіті де жыл, он екі ай әр түрлі бағытта қайырымдылық шараларын жалғастырып келеді.

Айталық, елімізде төтенше жағдай басталғалы «Нұр-Астана» мешіті имамдары ақысыз демалысқа шыққандарға, көпбалалы отбасыларға, жалпы көмекке мұқтаж жандарға «Жүрек жылуы» азық-түлік тарату акциясы аясында көмек көрсетуде.

Сондай-ақ, мешіт ұжымы Рамазан айының алғашқы күнінен бастау алған «Рамазан шуағы» ауызашар тарату қайырымдылық акциясын ай бойы жалғастырады.

Алдағы уақытта жүзеге асатын игі істерге мұрындық болып, атсалысқысы келетін азаматтар  +7 775 562 2044 нөмірі арқылы байланысуына болады.

WhatsApp Image 2020 04 28 at 14.27.03 1

WhatsApp Image 2020 04 28 at 14.27.55

WhatsApp Image 2020 04 28 at 14.35.35

WhatsApp Image 2020 04 28 at 14.35.35 1

WhatsApp Image 2020 04 28 at 14.35.36 1

WhatsApp Image 2020 04 28 at 14.35.36

WhatsApp Image 2020 04 28 at 14.40.31

WhatsApp Image 2020 04 28 at 14.49.24

WhatsApp Image 2020 04 28 at 14.49.23

WhatsApp Image 2020 04 28 at 14.49.24 1

 

 

Бөлісу: