28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Жазғы сауат ашу курсы шақырады!

Жазғы сауат ашу курсы шақырады!

Мешіт тынысы
Жарнама

16 мамыр. Астана. Ummet.kz - Елорда мешіттерінде мектеп оқушыларына арналған жаздық сауат ашу курсы басталады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Құрметті елорда тұрғындары және мешіт жамағаттары!

Жылдағы игі дәстүр бойынша Астана қаласының мешіттері 6 мен 15 жас аралығындағы мектеп оқушыларын маусым айының 28 мамыр мен 16 маусым аралығында өткізілетін жазғы сауат ашу курсына шақырады.

Сауат ашу курсында жүргізілетін дәрістер:

- Құран әліппесі;

- Иман негіздері;

- Ислам әдебі.

Сондай-ақ, балалар арасында түрлі білім және спорттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылады. Түске дейінгі және түстен кейінгі ауысым жұмыс жасайды.

Қажетті құжаттар:

1.Ата-ананың өтініші;

2.Баланың анкетасы;

3.3 х 4 сурет бір дана;

4.Туу туралы куәлік көшірмесі.

Құжаттар мамыр айының соңына дейін қабылданады. Толық ақпаратты қала мешіттерінен немесе 44-58-48, 87757207510 телефонына қоңырау шалу арқылы біле аласыз.Сауат ашу курсы мешіттерде ақысыз жүргізіледі.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: