29
Жұма,
Наурыз

һижри

Елордада құрбандық шалынатын орындар белігілі болды

Елордада құрбандық шалынатын орындар белігілі болды

Мешіт тынысы
Жарнама

16 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – Астана қаласының әкімдігі құрбандық шалынатын арнайы орындарды бекітті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бұл туралы «Нұр Астана» мешітінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы мәлімдеді.

Биыл «Құрбан айт» мерекесін тойлау 21 тамызда басталады. Осыған орай, 21, 22, 23 тамыз күндері құрбан шалуға болады. Құрбан айт күндері Астана қаласының әкімдігі санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында, құрбандыққа шалынатын малдарды сату, сою және таратуға рұқсат етілген арнайы орындарды бекітті.

Астана қаласы әкімдігі әзірлеген 6 құрбандық шалу орны мыналар:

1. «Алтын Таға» мал базары (Астана-Қосшы тас жолында);

2. «Нұрбереке 555» ЖШС (Алаш тасжолы, 30. Яғни, «Көк Базар» базарының арты);

3. «Есжанова А» ЖК, «Жайлау» (Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі);

4. «Мақсат 2007» тасжолы (Железнодорожный кенті Ажар к-сі, 20);

5. «Шаушен» ШҚ («Астана-Павлодар» т/ж, 9 км);

6. «Метро» сауда орталығы.

Осы орындарда қызмет жасайтын қасапшылардың басын қосып, оларға арнайы 18 тамыз күні семинар-тренинг ұйымдастырылады. Семинар барысында малды шариғат талаптарына сай сою және санитарлық талаптарды сақтау және т.б. түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Жыл сайынғы үрдіс бойынша қала деңгейінде «Раббың үшін құрбан шал!», «Жетеудің бірі бол!» қайырымдылық акциясы айттың алғашқы күні 21-тамыз күні өткізіледі. Жиналған құрбан еттері мұқтаж жандарға және тағы басқа көмек қажет еткен мекемелерге де (қарттар үйі, жетім балалар үйі) үлестіріледі.

Қала әкімдігінің сайтында (astana.gov.kz) жарияланғандай мереке күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы «2288» Call-center жұмыс істейді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

5

6

17

16

15

WhatsApp Image 2018 08 16 at 12.58.14

Бөлісу: