27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Қазақстанда онлайн Ислам академиясы ашылды (Видео)

Қазақстанда онлайн Ислам академиясы ашылды (Видео)

Ел іші
Жарнама

24 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елімізде Ислам онлайн академиясы жұмысын бастады, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Биылдан бастап Нұр-Мүбарак университеті ислам дінін қашықтықтан оқу мүмкіндігін қолға алып отыр. Енді ислам ілімдерін негізгі қайнарлардан үйренемін деген кез келген адам  Ислам онлайн академиясының  студенті  атана алады. 

Бұл жобаны университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев ұжымдағы   жас ғалымдар тобын жұмылдырып,  ислам дінінің  бірнеше саласы бойынша алғашқы бейнедәрістер әзірленді. Хадис пәні, ислам психологиясы, фиқһ, фиқһ негіздері, Матуриди ақидасы, ислам экономикасы, хадис мәтіндері, террология және конфликтология пәндері оқытылады.

Проректор, PhD, доцент Қайрат Құрманбаев: «Әдетте, діни дәрістерде белгілі бір кітаппен оқыту жүйесі елімізде әлі қалыптаспаған. Сондықтан онлайн академияның да ерекшелігі бір пәнде классикалық бір кітапты толық оқып шығуға мүмкіндік жасалып отыр»,- деп академияның артықшылығын да атап өтті. Яғни бекіткен кітаптар бойынша лекторлар сабақ жүргізіп, кітаптың электронды нұсқасы да беріледі. 60 дәрістен 2 семестр, жалпы 120 бейнедәріс, бір пән 24 сабаққа ұласады.

Қазіргі уақыт қат кезеңде технологиялардың мүмкіндігін тиімді пайдалануға негізделген Онлайн академияның артықшылықтарына тоқталсақ, онлайн-студент:

  • Ыңғайлы уақытта əрі қолайлы орында, əлемнің кез-келген жерінен дəрістерді көріп, тыңдай алады;
  • Пəнге арналған кітапты толық оқып, оқытушымен əрдайым байланыста бола алады;
  • 120 бейнедәрістен соң, арнайы сертификат беріледі.

Ең кереметі, ең үздік онлайн-студент  үшін арнайы тағайындаған умра сапарына бару мүмкіндігі бар.

Оқу ақысы 57 600 (елу жеті мың алты жүз) теңге, ал 11 қарашаға дейін төлеушілер үшін 37 600 теңге жеңілдікпен оқуға мүмкіндігі бар. Дәрістер 18 қараша күні басталмақ.

 

Бөлісу: