22
Жұма,
Қараша

һижри

Отбасы күніне орай жас жұбайларға арналған семинар өтті (ФОТО+ВИДЕО)

Отбасы күніне орай жас жұбайларға арналған семинар өтті (ФОТО+ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

11 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Отбасы күнінің құрметіне орай республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жас жұбайларға арналған семинар-тренинг болып өтті, деп хабарлайды ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Елімізде жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні ретінде атап өтеді. Айтулы мерекеге орай ҚМДБ жариялаған Отбасы апталығы аясында ұйымдастырылған шараға соңғы бір жыл ішінде «Әзірет Сұлтан» мешітінде некесін қидырған жас отбасылар шақырылып, тәлім-тәрбиеге толы насихат дәрістерімен сусындап қайтты.

Үлкен өмірге қол ұстасып бірге көш бастағандарына жылға жетпеген жас жұбайлар үшін отбасылық өмірдің алғашқы жылдарында ағалық ақыл-кеңес, үлкеннен үлгі-өнегенің нағыз керек шағы. Осыны ескерген мешіт имамдары отбасы бірлігі мен тыныштығын сақтау жөнінде тұшымды насихат айтып, жанұя жарасымына қол жеткізу жолдары жайлы баяндады. «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бұл жобаның алдағы уақытта желісі үзілмей, жалғасып тұратынын жеткізді. Отбасы құндылықтар жөнінде сабақ боларлық насихат айтып, қасиетті Құран аяттары және Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірі мен өсиеттерінен үлгі көрсеткен имамдар насихаты семинар қатысушылары үшін орны бөлек азық болды.

Кеш соңында «Әзірет Сұлтан» мешіті атынан жас жұбайларға Отбасы күніне мерекесіне орай арнайы ұтыс сыйлықтары ойнатылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсім болып өтті.

otbasy1

otbasy1

otbasy1

otbasy1

otbasy1

otbasy1

otbasy1

Бөлісу: