20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Шұжық өніміне шошқаның терісі қосылған

Шұжық өніміне шошқаның терісі қосылған

Ел іші
Жарнама

15 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстанда өндірілген шұжықтарда жануарлардың терісі, сүйегі және шайыр табылған, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Орташа есеппен сиыр етінен жасалған шұжықта — бір келіде 16-20 пайыз ет бар. Қалғаны қоспадан тұрады. «Нағыз шұжық 97-98 пайыз еттен жасалуы тиіс» дейді шұжық өнімдерін өндіруші Фархад Мадалиев. Оның сөзінше, қазақстандық сөрелерде нағыз еттен жасалған шұжықтар өте сирек кездеседі. «Кейбір өндірушілер рецептураға жосықсыз қарайды. Сауда орындарында бір шұжық 500 теңге тұрса, онда күдіктену керек. Мен өз таныстарыма үнемі осы жайлы айтып жүремін. Қазіргі кезде еттің бағасы 1500 теңге. Ал шұжықтың келісі 500-600 теңге, мұндай шамаластық болмайды» деді Мадалиев.

Сөйтіп шұжыққа өсімдік шайыры, дәмді жақсартқыштар, хош иістендіргіштер қосылады. «Шошқаның терісін кептіріп, оны диірменде ұнтақтайды, нәтижесінде ұн тәріздес ақуызды шұжық өніміне қосады» деді тамақ өнеркәсібінің технологы Ясин Узаков.

Бұл мәліметтерді шұжық өндірушілер жарияламауға тырысады. Заң бойынша, шұжық этикеткада көрсетілген құрамнан өзгеше болса, онда өндіруші компанияға үлкен айыппұл салынады. Ол 24 мыңнан 300 теңгеге дейін. Егер осындай өнімнен біреу уланса, онда айыппұл көлемі 5 миллионға дейін барады. Бұл мәселені арнайы код шешуі тиіс, код арқылы өнім жайлы мағлұмат алуға болады. Бұл таңбалану әлі жасалып жатыр. Диетологтар сапалы шұжық өніміне әуестенбеуге кеңес беріп жатыр. «Бұл – өте күшті канцерогендер, олар онкологиялық ауруға душар етуі мүмкін, оның ішінде қатерлі ісікке. Одан бөлек жүрек-қан тамыр аурулары, инсульт пен инфаркт болуы мүмкін» деді ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы дәрігері Гүлнар Тұрдынова.

Шұжықты таңдау кезінде бағасы бірінші кезекте тұрмауы тиіс. Бірақ ол өзіндік құнынан төмен болмауы керек.  Екіншісі — шұжықтың құрамы. Ол табиғи және оның өткір иісі болмауы тиіс. Тек сол шұжық қолдануға жарамды.

Бөлісу: