08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Шам 17:42
Құптан 19:08

Бас мүфти Қызылордаға келді

Бас мүфти Қызылордаға келді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қызылорда өңіріне іс-сапармен келді, деп хабарлайды «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Сыр еліндегі сапары барысында бас мүфти өңірдің өкіл имамы Талғат Омаровпен  кездесіп, дін ахуалымен танысты. Сонымен қатар, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен де жүздесіп, аймақтың тыныс-тіршілігі мен алдағы жоспарлары жайында пікір алмасты.

Аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы ҚМДБ-ның төрағасына еліміздегі діни тұрақтылық пен, ұлтаралық татулықты сақтаудағы ерен еңбегіне алғыс білдіре отырып, Сыр аймағындағы ахуалдың тұрақтылығы жолындағы Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаровтың іскерлігіне ризашылығын жеткізді.

Бас мүфтидің сапары мұнан соң Нағи Ілиясов ауылында жалғастырды. 

ummet.kz-ақпарат