09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Бас мүфти «Әл-Әзһарға» түскен дін қызметкерлерін қабылдады (ФОТО)

Бас мүфти «Әл-Әзһарға» түскен дін қызметкерлерін қабылдады (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Нұр Мүбәрак» университеті мен медреселерді тәмамдап, Мысырдағы әйгілі «әл-Әзһар» университетіне оқуға түскен ұстаздардың алғашқы легін қабылдады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

«Мың жылдық тарихы бар әлемге белгілі «әл-Әзһар» университетіне оқуға түсулеріңізбен құттықтаймын. Сіздер – бақыттысыздар. Университетті бітіріп келген соң Діни басқарманың ауқымды жұмыстарына үлес қосуларыңыз тиіс. Уақыттарыңызды білім жолына арнаған соң, күш-қайраттарыңызды ізденуге, терең білім алуға жұмсаңыздар. Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеп отырмыз. Елге келген соң, халқымыздың бірлігі мен имандылығына қызмет ететін боласыздар. Алла жар болсын, сәт-сапар тілеймін» деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетейік, ҚМДБ мен «әл-Әзһар» университеті арасындағы ортақ келісімге сәйкес биыл Қазақстанға 20 грант бөлінді. Емтихан алу барысында ең үздік шәкірттер таңдалып, оларға шәкіртақы тағайындау, ас-сумен, жатақханамен қамтамасыз ету Мысыр тарапына жүктелді.


 

ummet.kz-ақпарат