08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:55
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Құптан 19:08

Наиб мүфти Өзбекстан өкілін қабылдады (ФОТО)

Наиб мүфти Өзбекстан өкілін қабылдады (ФОТО)

Атырау әкімдігінің Мәдениет кешенінде өткен "Ислам мәдениеті: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларға қарсы тұрудың жолдары" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына жеті бірдей шетелдің дін ғалымдары мен мамандары келді. Осы қатарда Қазақстанға арнайы келген Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Джалалатдин Нұриддинов ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай Тағанұлының қабылдауында болды.

Кездесу барысында екі ел арасындағы діни ахуалды нығайту, бауырлас елдің ауызбіршілік-ынтымағын арттыру жайы сөз болды.

Наиб мүфти Өзбексан діни басқармасы  өкіліне өз алғысын білдіріп, естелікке сыйлық табыс етті.


 

ummet.kz-ақпарат