23 октября 2026, Пятница 12 джумад-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 05:19
Восход 06:46
Аср 15:21
Магриб 17:11
Иша 18:37

Адамы қайтыс болған қаралы үйге тамақ апару – мұстахаб

Адамы қайтыс болған қаралы үйге тамақ апару – мұстахаб

Адамы қайтыс болған қаралы үйге тамақ апару – мұстахаб.


Жағфар ибн Әбу Талибтің қайтыс болғаны жайлы хабар келгенде, Алла елшісі (с.а.с.): «Ақиқатында, Жағфардың өлімі үй-ішінің тамақ пісіруіне бөгет болады. Оларға тамақ алып барыңдар»⁷⁵, – деген.

Қаралы үйге үш күн тамақ алып бару – сүннет. Кісі қайтыс болған үйге көңіл айта барған адамның барлығы одан жеуіне болады. Тек жоқтаушыларға және олардың жанында қайғысын бөлісіп тұрғандарға дайындалған тамақтан жеуге болмайды. Кісі қайтыс болған үйдегілердің оларға тамақ ұсынуы талап етілмейді.

⁷⁵ Әбу Дәуіт, Термези және Ибн Мажа Абдулла ибн Жағфардан хасан тізбекпен, Ибн Мажа Әсмә бинт Амистен риуаят еткен.

материал Имам Ғазалидің «Тамақтану әдептері» кітабынан алынды, 

ummet.kz