24 августа 2026, Понедельник 11 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:30
Восход 05:10
Зухр 12:22
Магриб 19:23
Иша 21:02

Ақида ілімінің негізгі 7 міндеті

Ақида ілімінің негізгі 7 міндеті

Ақида ілімінің негізгі міндеттері:

– Алла Тағаланың бір және дара жалғыз екендігін бүкіл адамдарға жария етіп, түсіндіреді;

– Адам баласының жүрегіне, болмысына және пәк жаратылысына иманды жеткізеді;

– Адам баласына кімге және нәрселерге, не үшін, қалай сену керек екенін үйретеді;

– Бұлтартпас дәлелдермен діни сенімдерді бекітіп, күмәндардан арылтып, діни сенімді арттырады;

– Еліктеушілік пен соқыр сенімдерден арылтып, шынайы иманға қол жеткіздіреді;

– Дін негіздерін дінбұзарлар мен арандатушылардың күмәндарынан сақтайды;

– Сенімсіздіктен, терістеуден және күдіктен құтқарып, иман арқылы адамзатқа екі дүние бақытын сыйлайды.

материал «Ислам ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz