25 августа 2026, Вторник 12 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:32
Восход 05:11
Зухр 12:21
Аср 17:11
Магриб 19:21

Бір істі істеуден және сөйлеуден бұрын ілім үйрену мәселесі

Бір істі істеуден және сөйлеуден бұрын ілім үйрену мәселесі

Алла Тағала аят кәрімінде: «Шын мәнінде, Алладан басқа ешбір тәңір жоқ», («Мұхаммед», 19-аят) деген сөзін «біл»,- деген сөз арқылы бастаған.


Ғалымдар - Пайғамбарлардың (c.ғ.с)  мирасқорлары, олар ілім-білімді Пайғамбарлардан мирас етіп алды. «Кімде-кім ілімді үйренген болса, Пайғамбардан (c.ғ.с)  толық мирасқорлық алған»,- деген хадисте де ілімді үйрену керектігі айтылған.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кімде-кім ілімді қалап қадам басса, Алла тағала оған жәннаттың жолын жеңіл етеді»,- деп айтылады. Алла Тағала аят кәрімінде: «Шын мәнінде, құлдарынан ғалымдары Алладан қорқады» («әл-Фатыр», 28 аят),- десе, және бір аятта: «Міне осы мысалдарды адамдар үшін келтіреміз. Бірақ оларды білгендер ғана түсінеді»,- делінген.

Ал, мына бір аятта: «Тозақтықтар: «Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік», («әл-Ғанкәбұт», 43 аят) деседі, және бір аятта: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?», («әз-Зүмәр», 9 аят)- делінген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кімге Алла тағала жақсылық етсе, оны дін ілімінің ғалымы етер, ілімге тек қана ілім алудың жолыменен жетеді»,- деген.

Сахаба Әбу Зар (р.а.) айтты: «Егерде қылышты менің мойныма қойсандар, мойнымды кеспестен бұрын мен Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) естіген сөздерімнің біразын айтып үлгеруімнің мүмкіншілігін білсем, айтып өлер едім»,- деген екен.

Ибн Аббас: «Куну раббанина!»,- яғни «Раббаний бол!»,- деген Алланың бұйрығын: «Жұмсақ фиқшы бол!»,- деп аударды. Имам Бұхарий: «Раббаний»,- деген адамдарды үлкен ілім берерден бұрын кіші іліммен тәрбиелеуші кісі»,- деді.

материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz