08 октября 2026, Четверг 27 раби-уль-ахир 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:21
Зухр 12:07
Аср 15:49
Магриб 17:42
Иша 19:08

Дінімізде мына үш жағдайда өтірік сөз айтуға рұқсат

Дінімізде мына үш жағдайда өтірік сөз айтуға рұқсат

Дініміз мына үш жағдайда ғана өтірік сөз айтуға рұқсат берген.

Олар:

Бірінші: Адамдар арасын жарастыру, татуластыру мақсатында;

Екінші: Соғыс уақытында;

Үшінші: Ерлі-зайыптылар арасында отбасының тұрақтығын сақтау үшін.

Умму Күлсім анамыз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) былай дегенін жеткізген: «Оның үш түрлі жағдайдан басқа еш уақытта өтірік айтуды рұқсат еткенін естіген емеспін – ол соғыс кезінде, адамдарды жарастыру үшін және әйелі күйеуіне сөйлеген кезде және күйеуінің әйеліне сөйлеген кезінде». (яғни, соғыстағы қарсыластарын жеңу үшін оларға өтірік айту)

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,

ummet.kz