15 октября 2026, Четверг 4 джумад-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:32
Зухр 12:05
Аср 15:36
Магриб 17:27
Иша 18:53

Ибраһим (с.ғ) пайғамбардың Меккеге жасаған дұғасы

Ибраһим (с.ғ) пайғамбардың Меккеге жасаған дұғасы

Құран Кәрімде: «Сол кезде Ибраһим (с.ғ): 


«Уа, Раббым! Бұл жерді қауіпсіз, бейбіт шаһар қылғайсың! Бұл жердің халқына, араларындағы Аллаға һәм ақырет күніне иман еткендерге түрлі жеміс-жидек, көк-өністерден ризық бергейсің!¹⁸⁶» және: «Кезінде Ибраһим (с.ғ) былай дұға еткен еді: «Уа, Раббым! Мына елді-мекенді (Меккені) бейбіт (қауіпсіз) мекен еткейсің!…¹⁸⁷», – делінген. 

Ибраһим (с.ғ) пайғамбар тыныштық пен қауіпсіздік тілеп дұға жасады. Мекке егін және жеміс өсуге қолайсыз жер. Бұл қала қауіпсіз болмаса, жердің төрт тарапынан азық-түлік және басқа да тауарлар келмеген болар еді. Меккеге жаман ниетпен келгендерді Алла Тағала жермен жексен етеді. Піл әскерінің жағдайы сияқты.

¹⁸⁶ Бақара сүресі, 126-аят.
¹⁸⁷ Ибраһим сүресі, 35-аят.

материал «Пайғамбарымызды (с.ғ.с) танисыз ба?» кітабынан алынды, 

ummet.kz