15 октября 2026, Четверг 4 джумад-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:32
Зухр 12:05
Аср 15:36
Магриб 17:27
Иша 18:53

Салауат айтудың адамға берер қырық пайдасы

Салауат айтудың адамға берер қырық пайдасы

Салауатқа қатысты аяттар мен хадистерді талдап шыққан ғалымдар салауаттың қырық қасиетін анықтаған. Демек, салауат айтудың адамға берер қырық пайдасы бар. Олар:


1. Салауат айту – Алла Тағаланың әмірі;
2. Хақ Тағала пайғамбарына салауат етеді. Жаратушының салауаты – пайғамбарын періштелеріне мақтауы;
3. Салауат айту – періштелердің тұрақты дұғасы. Сіз де осы дұғаны жасаңыз;
4. Адамнан пайғамбарға бір салауат – Алла Тағаладан пендеге он жарылқау;
5. Бір салауат мұсылманды он дәрежеге көтереді;
6. Бір салауатқа он сауап жазылады;
7. Бір салауат он күнәні жояды;
8. Дұғадан алдын салауат айту тілектің қабыл болуына себеп;
9. Салауат – пайғамбар шапағатына себеп;
10. Салауат – күнәлардың кешірілуіне себеп;
11. Салауат – уайым-қайғының кетуіне, мәселенің шешілуіне себеп;
12. Тұрақты салауат айту – қияметте пайғамбарға жақын тұруға себеп;
13. Салауат кедейдің берген садақасы орнына жүреді;
14. Салауат – қиыншылықтың жеңілдеп, мәселенің шешілуіне себеп;
15. Салауат айтушыға Алла Тағала мейірімін төгеді, періштелер дұға етеді;
16. Салауат адамның жанын тазартады;
17. Тұрақты салауат айту жәннатқа жақындата түседі;
18. Салауат қиямет қорқынышынан қорған;
19. Тұрақты салауат және сәлем етушіге пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлеміне жауап береді;
20. Салауат адамның ұмытқанын есіне түсіруге себеп;
21. Салауат отырысты құтты етеді;
22. Салауат кедейліктен құтқарады;
23. Салауат айтып жүру сараңдық атынан сақтайды;
24. Салауат адамды жамандықтан қорғайды;
25. Салауат иесін жәннат жолына салады;
26. Салауат Алла атымен бастау ұмытылған мәжілісті берекетті етеді;
27. Салауат – Алла Тағалаға мақтау айтылған жердегі тәмамдаушы сөз;
28. Салауат – қыл көпірге адамға нұр;
29. Салауат – жаман мінез-құлықтан құтқарады;
30. Салауат – Жаратушының пендені ұдайы жарылқауына себеп;
31. Салауат – адамның өміріне, іс-әрекетіне және құлшылығына берекет;
32. Салауат – Алла Тағаланың мейіріміне бөленуге себеп;
33. Салауат – пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншіліктің белгісі;
34. Салауат – пайғамбардың пендеге деген сүйіспеншілігіне себеп;
35. Тұрақты салауат – адамның тура жолда жүруіне, иманының қуаттануына себеп;
36. Салауат айтушының есімі мен әкесінің есімі Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткізіледі;
37. Салауат – қыл көпірде аяқта нық тұруға себеп;
38. Салауат – пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алғысымыздың шағын түрі;
39. Салауат – Алла Тағалаға шүкіршілік етудің бір түрі;
40. Салауат – дұға.

материал «Пайғамбарымызды (с.ғ.с) танисыз ба?» кітабынан алынды, 

ummet.kz