25 августа 2026, Вторник 12 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:32
Восход 05:11
Зухр 12:21
Аср 17:11
Магриб 19:21

Мисуак – Алла Елшісінің (с.ғ.с) ең үлкен сүннеттерінің бірі

Мисуак – Алла Елшісінің (с.ғ.с) ең үлкен сүннеттерінің бірі

Мисуак – Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең үлкен сүннеттерінің бірі. Дінді ұстанатын мұсылмандардың көпшілігі ол жайлы біледі, бірақ оны үнемі орындауға жалқауланады.


Хадис: «Егер үмметіме ауыр тимес үшін, әр дәрет немесе намаз сайын мисуак қолдануды бұйырар едім» деген (Бұхари).
 
Сауабы: Мисуак қолданып оқылған намаз басқа намаздан 70 есе артық болады (Ибн Нәжжар).
 

Айша анамыздан (Алла одан разы болсын) жеткен хадисте: «Мисуак ауыз тазалығы, Раббының разылығы» (Бұхари) делінеді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мен сахабалары мисуакты ауыз тазалайтын тіс құралы ретінде қолданған. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және сахабалары сол замандағы өздеріне қолайлы болған құралды пайдаланып, тіс тазалығын, мұсылмандық гигиена талабын орындаған болатын. Демек мұндағы негізгі мақсат – ауыздың тазалығы, тістің саулығы және ауыздағы жаман иісті жойып, хош иіспен алмастыру. Демек қазіргі таңда «әрак» ағашынан алынған мисуак таяқшасы немесе заманауи тіс щеткасы мен пастасын пайдалануға болады.

Ханафи мәзһабы бойынша мисуакты дәрет алған кезде қолданған жөн, намаз алдында емес. Өйткені, бұл қызыл иектің қанауына әкелуі мүмкін. Ал шәфиғи мәзһабы бойынша оны дәрет алған кезде де, намаз алдында да қолданған жөн.

материал «100 сүннет» кітабынан алынды, 

ummet.kz