10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

Мына бес сөзді айтқан адам екі дүниеде де бақытты

Мына бес сөзді айтқан адам екі дүниеде де бақытты

Абдолла ибн Амр ибн Ас (р.а.) былай деген екен:

«Кім бес сөзді айтса екі дүниеде де бақытты болады: әрдайым «Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур-расулалланы» айтып жүру, бір бәлеге, сынаққа душар болса, «Иннә лилләһи уа иннә иләйһи ражиъун, уа лә хаулә уа лә қуаатә иллә билләһил-ъалийлъазим» деп айту, ал нығмет берілсе шүкірлік алғыс ретінде «Әлхамдулилләһи раббил-ъаламин» деу, бір істі бастарда «Бисмилләһир-рахманир-рахим» деп бастау, бір қателікке, күнәға ұрынғанда «Астағфираллаһал-азим уа әтубу иләйһи» деп айту».

материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,

ummet.kz