24 августа 2026, Понедельник 11 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:30
Восход 05:10
Аср 17:13
Магриб 19:23
Иша 21:02

Неге әкесі тірі кісі бас ұстамайды?

Неге әкесі тірі кісі бас ұстамайды?

Адамның Алладан кейінгі пірі – өзін өмірге әкелген ата-анасы. Қазақта әке – шаңырақтың тірегі, отбасының тұтқасы. Осындай алдыңда асқар таудай әке тұрғанда баласы бас ұстап, әкенің жолын кесуді ойына да алмаған, бұл – қазақтың ұғым-түсінігіне мүлде жат қылық.

Тіпті өзі балалы-шағалы болса да, егер әкенің көзі тірі болса, бас ұстамайды. Қайта әкенің амандығын тілеп, өзінің әлі де әкелі «бала» екеніне шүкіршілік етеді. Әке өмірден өткен жағдайда көрші-көлем, дос-жаран марқұмның қырқы өткен соң қаралы үйдің қамкөңіл адамдарын қонаққа шақырады. Оны бір жерде - «көңілшай», тағы бір өңірде «жұбату шай» немесе «еңсе көтеру» деп те атайды.

Қалай аталса да, басқаның қайғы-қуанышын көтерісе білетін көңілге қарағыш халқымыздың бұл да бір текті ғұрпы. Осындай қонақтықта жөн білетін үлкен кісілердің бірі ұлына: «Қарағым, енді әкеңнің орнын жоқтатпай шаңыраққа ие болатын сенсің. Отбасыңның береке-құтын жұтатпай үй ішіңе қамқор бол, әкеңнің түтінін түзу шығаруыңа Алла нәсіп етсін!» - деген секілді тілектерді айтып, алдына бас тартады. Бұл – тек бас мүжу емес, азаматқа жүктелген үлкен міндет. 

материал «Күретамыр» кітабынан алынды,

ummet.kz